Шотландия тәуелсіздігін жақтаушылар  саны 51%-ға жетті

/uploads/thumbnail/20170708154053700_small.png

 Соңғы әлеуметтік сауалнама Шотландия тәуелсіздігін жақтайтындардың саны алғаш рет қарсыластарынан басым түскенін көрсетті, бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Шотландия тұрғындарының 51 пайызы Ұлыбританиядан бөліну үшін дауыс беруге дайын екенін білдірген. Ал бұдан бір ай бұрын ғана бөлінбей, бір мемлекетте қалуды қалайтындар қатары 22 пайызға артық болатын. Сарапшылардың пікірінше, тәуелсіздік жақтастары жастардың арқасында көбейген. Өйткені дербестікке ие болса, конституцияда тегін жоғары білім алу құқығын бекіту уәде етілген. Шотландияның тәуелсіздігі жөніндегі референдум 18 қыркүйекте өтуі тиіс. Егер халықтың көпшілігі Ұлыбритания құрамынан шығуға дауыс берсе, Шотландия 300 жылға ұласқан Англиямен одақтастық аясынан шығып, тәуелсіз мемлекетке айналуы мүмкін.

Шотландия (ағылш. ' және скотс. Scotland, Үлгі:Lang-gd) – Ұлыбританиядағы тарихи аймақ. 17 ғасырдың ортасына дейін тәуелсіз мемлекет болды. Ұлыбритания аралының солтүстік бөлігінен және оған жанасып жатқан ұсақ аралдардан, сондай-ақ Гебрид, Оркней және Шотланд аралдарынан құралады. Жер аумағы 78,8 мың кm². Халқы 6 млн-нан астам, негізінен шотландықтар. Әкімшілік-аумақтық жағынан 12 облыс пен 186 аралдан тұрады. Әкімшілік орталығы – Эдинбург қаласы Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Дінге сенушілердің дені пресвитериан шіркеуіне жатады. (Дереккөз: қазақша уикипедия)

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар